+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген Жапонияның NHK арнасына сұхбат берді

2019 жылғы 18 қараша 21:43
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген Жапонияның NHK арнасына сұхбат берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Жапонияның NHK ұлттық арнасына сұхбат берді. Бұл туралы әншінің өзі Іnstagram парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» жүлдесін алуы мүмкін Димаштың Нью-Йорктегі концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер барады

«Тарихы терең осынау елге қонақ болып келгеніме өте қуаныштымын», - деді Димаш.

Ол әр елде өнер көрсетіп, осы деңгейге жетіп отырғаны ең алдымен ұстаздарының арқасы екенін айтты.

«Қазақстанда туып, дүние есігін ашқаныма ерекше қуанамын, мақтан етемін. Әлемнің қай түкпіріне барсам да, қазақтың өнерін көріп өскен, қазақтың суын ішіп, балын жеген бала екендігімді ерекше мақтан тұтамын», - деді Димаш.

Жапон журналистері қазақтың домбырасына деген таңғалысын жасыра алмай, Димаштан домбыраның сиқыры неде екенін сұрады.

«Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың рухы. Ол жай аспаптан да үлкен дүние», - деді Димаш.

Әрі реті келсе, Жапонияда үлкен концертін өткізіп, домбыра үнінен сусындатуға уәде берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT