Димаш Құдайберген Жапонияда өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген осы қараша айында Токиодағы концертке байланысты жапондық көрермендеріне сәлем жолдада, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жапония, көріскенше! See you Japan. Япония жду вас на концерте», - деп жазады әнші үш тілде өзінің желідегі парақшасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Димаш Құдайберген қараша айында Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді.

Ол музыкалық шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған. Димаштан бөлек, бұл беделді телевизиялық фестивальде Түркия, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия және үндістандық жұлдыздар да көрерменге өз әндерін ұсынбақ. Айта кетейік, шараны «Хабар» телеарнасы өз эфирінде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар