01:37, 09 Наурыз 2020 | GMT +6
Димаш Құдайберген жаңа «Your Love» әнін шырқады
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресей астанасындағы Мемлекеттік Кремль сарайында жаңа «Your Love» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа композиция оның YouTube арнасында жарияланды.
Композитор Игорь Крутой Instagram -да сөзін аса талантты жас орындаушы Димаш үшін әнші Лара Фабиан арнайы жазғандығын хабарлады. Ол композиторға әнін жазуды ұсынған.
Димаш жаңа әнді 8 наурызда Валентина Юдашкинаның кешінде шырқады, сондай-ақ 9 наурызда «Мегаспортта» болатын өзінің жеке концертте орындайтын болады.
Симфониялық оркестр бұл шығарманы Мосфильмде» жазған, ал Димашпен жаңа әнге алғашқы дайындықтың түсірілімі Игорь Крутойдың үйінде болған.