Димаш Құдайберген «Жаңа толқын» байқауында өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 тамызда «Жаңа толқын» байқауының ашылуына орай үлкен гала-концерт өтеді. Қазақстандық әнші арнайы шақырылған қонақ ретінде өнер көрсетеді.

Билет сататын сайттың мәліметінше, концерттің бірінші күні сахнада Филипп Киркоров, Анна Нетребко, Юсиф Айвазов, Димаш Құдайберген, Maruv, Егор Крид, Ирина Аллегрова, Валерий Леонтьев, 2Маша, Дима Билан, Ани Лорак, Сергей Лазарев, Николай Басков, Кристина Орбакайте, Валерия, Дискотека Авария, Алсу, Юлиана Караулова, Александр Ревва, Ирина Дубцова, Интарс Бусулис, Нюша, Iowa секілді өнер жұлдыздары ән шырқайды.

Биылғы «Жаңа толқын» талантты орындаушылар байқауы «New Wave Hall» сахнасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар