Димаш Құдайберген жаңа клипінен үзінді жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Әйгілі әнші Димаш Құдайберген «Be With Me» атты жаңа бейнеклипінің аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында «Be with me» атты жаңа бейнебаянымның жарыққа шығатыны туралы жаңалықпен бөліскеніме қуаныштымын! Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы – бұл ерекше формат. Жаңа оқиға – Жаңа мен! Премьераны жіберіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.


«Be With Me» әні алғаш рет 2021 жылғы 17 қаңтарда американдық TIXR стриминг платформасындағы «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде шырқалған еді.

Ән мәтінін Джордан Аракелян мен Дәурен Шамұратов жазған. Джордан негізгі ағылшынша мәтінде жазса, Дәурен қазақша рэп мәтінін шығарды.

Dimashnews порталының жазуынша, «Be With Me» әнін Димаштың өзі әрлеген. Әуелі демонұсқасын нобайлап, кейін оған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепбергенов ойнаған домбыра партиясын қосқызған. Димаш әндерінің тұрақты өңдеушісі, саунд-продюсер Ерлан Бекшурин деможазбаның мәнерін өзгертіп, бастапқы құрылымы мен бас әуенін сақтай отырып, қосымша ырғақтар қосыпты. Осыдан кейін ол Әділжан Толықпаевты шақырып, домбыра партиясын қайта жазып шыққан. Бұл тандемге композитор Ренат Гайсин қосылып, клавинет пен үрмелі аспаптар партиясын кіргізген. Мәскеулік музыкант Марсель Хакимов бас партиясын қайта жазып шығады.


Соңғы жаңалықтар