Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы өз парақшасында жаңа бейнебаянының тизерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Dears (әнші өз жанкүйерлерін осылай атайды), 23 желтоқсанда менің ресми Youtube-арнамда жаңа бейнебаяным жарияланады. Өткізіп алмаңыздар», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Жарияланған тизерде жақында Мәскеуде шырқалған «Мен сені сағындым» жаңа әнінің үзіндісі келтірілген.

Еске сала кетсек Димаш Құдайберген 9 айдан кейін сахнаға қайта оралған болатын. Нақтырақ айтқанда таяуда Ресей астанасы Мәскеудегі ВТБ аренада дәстүрлі «Жыл әні» концерті өтті. 5 желтоқсанда өткен кеште Димаш «Там, где живет любовь», «Your Love» және жаңа «Я скучаю по тебе» атты үш әнді орындап, жанкүйерлерінің көңілінен шықты.


Соңғы жаңалықтар