Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихын айтып берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің барша жанкүйерлеріне арнаған «Өмір» композициясының шығу тарихын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орындаушы Instagram желісінде жаңа композициясы туралы жазба жариялады.

«Менің «Өмір» атты жаңа музыкалық бейнебаянымды көріп үлгергендеріңізге сенімдімін. Ол менің 25 жылдық шығармашылық сапарым туралы, оған әсер еткен адамдар мен оқиғалар туралы ой жүгірту ретінде құрылды.
Сондай-ақ, бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа экранда менің ойларым мен сезімдерімді жеткізе алғаны үшін алғысымды білдіргім келеді», — деп жазды Димаш Құдайберген.

Еске салайық, 24 мамырда туған күнінде Димаш Құдайберген «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынған болатын.


Соңғы жаңалықтар