Димаш Құдайберген жаңа әнін жарыққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа әніне бейнеклип түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өнер жұлдызы бұл жайында өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

«Okay» атты әніме түсірілген жаңа видеоны қабыл алыңыздар. Бейнеклип ресми Youtube арнамда жарияланған. Тамашалап, ой-пікіріңізді айтарсыздар» деп жазды Димаш.

Okay әнінің сөзін жазған - Игорь Николаев, әуені - Игорь Крутойдыкі.

Клиптің режиссері және сценарисі - Алина Верипия.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мюнхен конференциясына қатысушылар Димаш Құдайбергеннің өнеріне қошемет көрсеткенін жазған едік.

Германияда өткен Digital Life Design еуропалық инновация конференциясына қатысушылар Димаш Құдайбергеннің көрсеткен өнерінен кейін орнынан тұрып, ұзағынан ду қол шапалақ соқты.


Соңғы жаңалықтар