+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

2019 жылғы 6 желтоқсан 08:55
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.

«Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда - «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым», - деп жазды Димаш.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірді.

«Виктория» - өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік кәсіби өнерпаздарды – музыканттарды, орындаушыларды, композиторларды, ақындарды, продюсерлерді, журналистерді таңдайтын Ресейдегі алғашқы және жалғыз сыйлық.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT