Димаш Құдайберген «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. қазАқпарат – Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген ресейлік танымал «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездескенше Америка. Кездескенше Ресей. Ертең «Вечерний Ургант» бағдарламасының түсірілімі», - деп жазады әнші өзінің Instagram парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін Әнші Димаш пен полицей Димаш Нью-Йоркте кездескені туралы хабарладық.

10 желтоқсанда Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында концерт береді. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Әнші Америкада төрт тілде ән шырқайды.

Соңғы жаңалықтар