Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+30+32℃
  Jańalyqtar  >

Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальға қатысып жатыр

2023 жылғы 29 қаңтар, 11:23

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестиваліне қатысу үшін Үндістанға сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кинофестиваль Мумбаи қаласында 27 қаңтарда басталып, 31 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл іс-шараға Өзбекстан, Түркия, Қазақстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Мьянма, Армения, Шри-Ланка елдерінің өкілдері қатысып жатыр.

Таратылған мәліметке қарағанда, кинофестиваль барысында ШЫҰ елдерінен 57 фильм ұсынылады. Димаш Құдайберген онда Қазақстан атынан қазылар алқасының құрамында болады.

Кинофестивальдің ашылуы рәсімінде танымал қазақстандық әншінің өнерін барша әлем елдері жоғары бағалап отырғаны айтылды.


Фото: ru.dimashnews.com


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар