Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген фанаттарына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рахмет, Америка. Рахмет, Нью-Йорк. Ризамын сендерге, dears. Мен сендерді шексіз жақсы көрем. Қарапайым ғана еңбегіме әрдайым қолдау көрсетіп, көкке көтергендерің үшін алғысым шексіз. Видео кейінірек болады. Ал менің Америкадағы «Арнау» атты концертімнің толық ТВ нұсқасы жақында жарыққа шығады», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік.

Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концертінен Отанына орала салысымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

Соңғы жаңалықтар