Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген әлем елдері бойынша «Stranger» атты турнесін жалғастыруда. Турне аясында қазақстандық әнші Түркияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimash.news Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

«»DimashAli«шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды», - делінген парақшада.

Билеттер сатылымы https://www.dimashali.com сайтында Астана уақытымен 23 қаңтар күні, сағат 12:00-де басталды.

Акдениз университетінің көпфункционалды стадионы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Сыйымдылығы – 7100 адам.

Айта кетейік, Димаш «Stranger» әлемдік турнесін Алматы қаласынан бастаған болатын.

Түркиядағы концертіне дейін Д.Құдайберген 29 сәуірде Армениядағы фанаттарын қуантпақ. Концерт ірі кешендердің бірі, 12 мың көрерменге арналған Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өтеді. Билеттерді алдын ала сату 31 қаңтарда аяқталады.

Ал 24 маусымда қазақстандық әнші Малайзияда жеке концерт беруді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар