Димаш Құдайберген «Түнгі студияда» жанкүйеріне «Туған күн» әнін айтып берді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - "Қазақстан" телеарнасы  «Түнгі студия» бағдарламасының Димаш Құдайбергенге арналған бағдарламасы 6 шілдеде эфирден көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түнгі студия» бағдарламасында Димаштың АҚШ, Германия және Қытай елдерінен келген жанкүйерлері көп болды. Сондай-ақ, Димаш жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, қазақстандық жанкүйердің өтініші бойынша әжесінің туған күніне «Туған күн» әнін шырқап берді.

«Димашстан» ағылшын тілді жанкүйерлер тобының мүшесі Димаштың әлемге бірлік пен бейбітшілік сыйлағанын айта келіп, 50-ден астам жанкүйерлер атынан күйтаспасын сыйға тартты.

null

Бағдарлама барысында әнші «Singer» жобасы аясында қытай тілінен қиындықтар болғаны және басқа елдегі тыңдармандарының көбеюіне байланысты тілді үйрену маңызды екенін айтты.

«Бұл жобадан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Себебі әрбір тур, әрбір концерт мен үшін өте маңызды күндерге айналды. Сол себептен қатты дайындалдым, қобалжығанымды да жасырмаймын. Күллі  қазақтың атынан өнер көрсету мен үшін оңайға соққан жоқ. Оның үстіне, шетелден жаңа тыңдармандар тауып жаттым, олардың да көңілінен шығуға тура келді. Әрбір әншінің бақыты - осындай жанкүйерлер. Сіздердің мені ұдайы қолдап, демеп жүргендеріңіз үшін үлкен рахмет айтқым келеді», - деді Димаш.

Соңғы жаңалықтар