Димаш Құдайберген тағы бір әлемдік жүлдені жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші, қытайлық The Singer байқауында бағы жанған Димаш Құдайберген Гонконг қаласында өзінің кезекті жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Гонконгта өткен Golden Melody Awards  салтанатты шарасында «Жылдың үздік ер әншісі» номинациясын жеңіп алды.

Сүйінші! Бүгін Гонконгта өткен "Golden melody awards" cалтанатында "Жылдың үздік ер əншісі" номинациясы бойынша марапатталдым. Барша тыңдармандарыма көп рахмет! I love you, dears))) #dimash #thesingerdimash #dimashkudaibergen #dimashkudaibergenov #DQ

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Авг 9 2017 в 10:31 PDT

Бұл туралы әншінің өзі Инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.

Еске сала кетсек, өткен айда Димаш Гуанчжоу қаласында «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» аталымы бойынша әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірі - MTV Music awards жүлдесін иеленген еді. Одан бөлек, Қытайда өткен Asian Music GaLa марапаттау кешінде "Ең танымал шет елдің әншісі" номинациясының иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар