Димаш Құдайберген «Singer» байқауының жартылай финалында итальянша ән шырқайды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген «Singer 2017» ән байқауының жартылай финалында  итальянша ән шырқайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Sina Weibo әлеуметтік желісінде Димаш жаттығу кезінде итальяндық әнші Адриано Челентаноның әйгілі әні «Confessa»-ны орындағаны туралы ақпарат тарады.

Адриано Челентано «Confessa» әнін алғаш рет 2002 жылы орындаған. Әншінің 2012 жылы Youtobe-тегі жеке арнасына жүктелген әннің бейне баянының көрілімі 5 миллионға жақындаған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекелерін аяқтап, жалпы есепте бірінші болып финалға өтті. Байқаудың жартылай финалы 8 сәуірде Hunan TV теларнасынан көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар