+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының тоғызыншы кезеңінде 2-орын алды

2017 жылғы 10 наурыз 11:25
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген «Singer» байқауының тоғызыншы кезеңінде 2-орын алды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының тоғызыншы кезеңінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Димаш бұл кезеңде екінші болып өнер көрсетіп, әлемдік хит «All by Myself» әнін орындады.

Тоғызыншы кезеңнің қортындысы:

1. Линь Чжисюань

2. Димаш Құдайберген

3. Lion тобы

4. Sandy

5. Ли Цзянь

6. Лян бо

7. Пэн Джияхуэй

8. Чжан Цзе


Айта кетейік, байқаудың финалына тек бір кезең қалды. Ал жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден Димаш, Sandy және Lion тобы жобадағы жолдарын жалғастырып келеді.

Еске сала кетейік, байқаудың сегізінші кезеңінде Димаш тамағының ауырып қалғанына қарамай, қытайша «Таң атты» әнін айтып, бесінші орынды иеленді. Сегізінші кезең Қытай телеарналарынан 11 наурыз күні көрсетіледі. Ал тоғызыншы кезең - 18 наурызда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT