Димаш Құдайберген сериалға жазған саундтректің бейнебаянын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген қытайлық «Go, Go Squid» сериалының саундтрегіне арналған бейнебаянды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ән «Couldn’t leave» деп аталады.

«Жуықта менің қытайлық ТВ-сериалға арналған саундтрегім шықты. Сіздердің көңілдеріңізден шығар деген үміттемін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Бұдан бұрын желіде Couldn't Leave (Кете алмаймын) саундтрегінің релизі жарияланған болатын. Таныстырылым 17 шілдеде түнде болды. Осыдан кейін көп өтпей әннің өзі де әншінің фан клубының парақшасында және «ВКонтакте» әлемжелісінде жарияланды.


Фото: vk.com/dimashdearseurasianfanclub

Соңғы жаңалықтар