Димаш Құдайберген Ригада жеке концертін өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2020 жылдың 7 наурызында Латвия астанасы Ригада жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар, 7 наурыз күні Ригада Балтық жағалауындағы менің жалғыз жеке концертім өтеді. Барлығыңызды асыға күтемін. Менің жеке концертіме келіңіздер», - деді Димаш Instagram-да жариялаған видеосында.

Сондай-ақ, әнші концерттің «Рига-Аренада» өтетінін айтты.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Нью-Йоркте Игорь Крутойдың шоуына қатысқан еді. Әнші БҰҰ штаб-пәтеріне барып, қазақстандық дипломаттармен кездесті.

Бірнеше күн бұрын Димаш «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысып, тележүргізушіге шапан сыйлады.

Соңғы жаңалықтар