Димаш Құдайберген режиссер болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының режиссері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, жақсы және жаман жаңалық бар. Мен өзімнің жаңа бейнебаянымның режиссері болдым. Бұл өнерді бағалайтындар үшін жаман жаңалық, әрине. Дегенмен жақсы жаңалығым да бар: мен жалғыз болмадым. Мені және көрермендерімді талантты қоюшы-оператор, режиссер және өте керемет адам - Азамат Дулатов құтқарып қалды», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.


Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қазақ тілінде жаңа бейнебаян түсіргені туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар