Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» жүлдесін алуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық жүлдесінің марапаттау рәсіміне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараның қызыл кілемімен жүріп өткен әншіні кеш жүргізушілері қарсы алып, бірқатар сұрақ қойды.

«Мен үшін тыңдармандарымның ықыласы қымбат. Тыңдармандарыма үнемі сапалы өнер көрсетуге тырысамын. Бүгін де жүлделердің бірін алсам, тыңдармандарымның еңбегі деп білемін», - деді Димаш.

Сонымен бірге, оның қандай ән тыңдайтыны туралы сұрақ қойылды. «Мен қазақтың халық әндерін тыңдаймын», - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, Димаш Ресейдің «Виктория» музыкалық жүлдесінің бірнеше аталымы бойынша номинант атанды. Жүлде жеңімпаздары бүгін Кремль сарайының сахнасында жарияланады.

«Виктория» жүлдесі жыл сайын үздік музыканттарға, ақындарға, орындаушыларға, продюсерлерге, журналистерге, музыка сыншыларына және ірі медиахолдинг басшыларына табысталады.

Соңғы жаңалықтар