Димаш Құдайберген Прагада жеке концертін өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Чехия астанасы – Прагада жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Чехия Республикасында – Прагадағы TIPSPORT ARENA стадионында кездескенше достар! ARNAU», - деп жазды әнші Инстаграм парақшасында.

Әнші Прагадағы жеке концертін 2020 жылдың 25 наурызында өткізгелі отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Ұлыбритания астанасы — Лондонда, Ресей астанасы — Мәскеуде жеке концертін өткізіп, сондағы жұртшылықтың құрметіне ие болған еді. Прагада әнші «Арнау» концерттік бағдарламасымен шығады.

Соңғы жаңалықтар