Димаш Құдайберген Петропавлда жеке концертін өткізуі мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда биыл жаңа театр ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

500 көрерменге арналған мәдениет ошағының құрылысы басталып кетті. Оны тамыздың соңы - қыркүйектің басына қарай аяқтау жоспарланған. Жергілікті билік жаңа театрға үлкен үміт артып отыр.

«Біз қазірдің өзінде гастрольдер туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ашылу салтанатына Димаш Құдайберген, «А-Студио» тобы келгенін қалаймыз. Біз олардың жеке концерттерін өткізу туралы келісіп те қойдық. Петропавлда кем дегенде жылына бір рет үлкен шара өткізуге тиіспіз. Көптеген ойлар бар. Осы мәселе бойынша Үкіметпен жұмыс істеп жатырмыз. Күндіз мұнда шаралар өтеді, кешкісін қазақстандық жұлдыздарды насихаттау үшін концерттер болады», - дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Театр «Жас өркен» шағынауданында бой көтермек. Мұнда көп қабатты тұрғын үйлер көбейе бастады, заманауи Оқушылар сарайы салынды, көпке ортақ теннис орталығы да бар, бұдан тыс мектеп, үйлер салынып жатыр.


Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар