Димаш Құдайберген өзінің стилисін таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлеріне Қытайдағы стилисін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таныс болыңыздар, ең керемет стилист - Чи!!! Менің образдарыма жауапты жігіт», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасына.

Еске салайық, Чи «Singer 2017» жобасына қатысқан қазақстандық әншінің стилисті болды. Димаш байқаудың әр кезеңіне жаңа образда шығып отырды. Оның әр кездегі стилі миллиондаған жанкүйерлері мен БАҚ өкілдерінің назарында болды. «Singer 2017» байқауының гала-концертінен кейін Димаш Құдайберген өзін әлемге танытқан жобаға, қолғабыс көрсеткен адамдарға, соның ішінде стилисті Чиге алғысын айтқан болатын.

Таныс болыңыздар ең керемет стилист - Чи!!! Менің образдарыма жауапты жігіт. #DQ

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Сен 11 2017 в 8:58 PDT

Жас әншінің қытайлық жобадағы киім үлгісіне, сондай-ақ қазақстандық дизайнерлер де өз бағасын берген болатын. Мәселен, Ином Акаджан Димаштың байқауға дейінгі киім киісі өте қарапайым болғанын айтуда. Оның гардеробы: шалбар, пиджак, ақ көйлек, галстук немесе бабочкадан тұрды.  

Стилист Аида Есеналина да әншінің жаңа кейпіне таң тамаша. Ол елдің ең үздік дауысының лайықты образы пайда болғанына қуанышты екенін жеткізді.





Соңғы жаңалықтар