«Димаш Құдайберген оппозициялық партияға қосылуға шақырды» - ақпарат фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл ақпарат – жалған.

«Аталған жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты.
Парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» жарияланады.
Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл – өтірік», - деп жазады сайт.





Соңғы жаңалықтар