Димаш Құдайберген өнерсүйер қауымға «Strangers» атты жаңа әнін таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген көпшілікке өзінің Strangers атты әнін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Strangers» әнін сіздер менің YouTube каналымнан толық көре аласыздар»,-деп жазды әнші әнінің видеоүзіндісінің астына.

Димашқа Сәкен Майғазиев, Ержан Максим сияқты қазақстандық әншілері мен шетелдік Элен Сегара сәттілік тіледі.

Димашқа тіпті әйгілі «Челси» және «Порто» сияқты футбол командаларының бұрынғы ойыншысы Пауло Фэрейра да ізгі тілегін білдірген.

Айта кетейік, Димаш 19 тамыз күні Сочидің Олимпиада паркінде өткен «Новая волна 2021» фестивалінің ашылу рәсімінде өнер көрсетті.

Димаш онда 2020 жылдың 8 наурызында дизайнер Валентин Юдашкиннің мерейтойлық кешінде таныстырылған «Your Love» әнін орындады.

Ресейлік композитор Игорь Крутойдың бельгиялық әнші Лара Фабианның сөзіне жазылған New Wave Hall әні тұңғыш рет орындалды.



Соңғы жаңалықтар