Димаш Құдайберген өмірден озған әкесіне ән арнаған ақтөбелікті марапаттады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде «Бақытты бала» байқауы қорытындыланды. Әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы жүлдесін Нарғыз Жанұзақова жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе қаласында «Бақытты бала» байқауы қорытындыланды. Әнші Димаш Құдайберген байқаудың ақылдастар алқасында болып, өзінің көңілінен шыққан өнерпаз Нарғыз Жанұзақоваға ерекше сый жасады.

«Бақытты бала» байқауына қатысқан әр бала өнерлі, талантты. Әнші осы балалардай болуы керек. Нағыз қазақ эстрадасының майталмандары өсіп келе жатыр. Тәуелсіз сарапшы мүшесі болып, бәрін тыңдадым. Ішімдегіні жеткізе алмаймын, бәрі талантты. Таңдау қиын болса да жүлде Нарғыз Жанұзақоваға беріледі. Қазір мен әлемдік турнеге шығып, жеке концертімді беріп жүрмін. Арнайы марапат алған Нарғыз бір концертіме қатысып, ән айтады»,- деді әнші Димаш Құдайберген.

null

Айта кетейік, 12 жастағы Нарғыз Жанұзақова Ақтөбе қаласындағы №60 орта мектепте оқиды. Байқау кезінде ол әнді өз әкесіне арнады.

«Мен қуаныштымын. Сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл анам мен әкемнің арманы орындалған күн. Байқау мен үшін ең үлкені, маңыздысы болды. Әр балаға бақыт, достық сыйлаған байқауда бас жүлде де алдым. Бірақ мен үшін Димаш Құдайбергеннің берген сыйы маңызды, бағалы. Қанат пен Света Айтбаевтарға алғысымды айтамын»,- деді Нарғыз Жанұзақова. Байқау жеңімпазы өз әнін қаза болған әкесіне арнап, көрерменнің жүрегінен орын алды.

«Әкем төрт жыл бұрын өмірден озды. Ол әнші, жұлдыз болғанымды қалаған еді»,- деді ол. 

Соңғы жаңалықтар