Димаш Құдайберген: Менің бақытым - халқым мен сахна

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген елордада өтіп жатқан концертінде ән сүйер қауымға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әркімнің өз бақыт өлшемі бар. Менің бақытым - халқым мен сахна. Менің әндерім сіздердің жүректеріңізге жетіп жатса, менің арманымның орындалғаны. Мені сыйлап, менің өнерімді бағалап келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын»- деді Д. Құдайберген.

Концерт сценариіне 27 ән енгізілген, одан бөлек әнші жаңа альбомынан 5 ән орындайды деп күтілуде.

null null Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі қойылымдық нөмірлер үшін балет труппасына әлем сахнасында өнер көрсетіп жүрген еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары тартылды. Оның ішінде, «Notre dame de Paris» мюзиклінің әртістері, «Танцы на ТНТ» жобасының қатысушылары мен батуттық гимнастика бойынша спорт шеберлері бар.

Еске салсақ, бұған дейін Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордада өтетіні және Димаштың концертіне ұзын-сонар кезек пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

null nullnull null null null null null

Соңғы жаңалықтар