Димаш Құдайберген мексикалық жанкүйерлерінің шақыртуын қабыл алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген Латын Америкасында концерт өткізуі мүмкін. Бұл туралы өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Латын Америкасындағы жанкүйерлеріме, Мексикадағы жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Қала бойынша 600-ге жуық экран арқылы жасаған шақыртуларыңызды қабыл алдым. Бұйырса, сіздер жаққа да ат басын бұрармын. Рахмет!» - деп жазды әнші Instagram бетінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген видеосы жарияланды. Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетілді.



Соңғы жаңалықтар