Димаш Құдайберген: Мәскеудегі жеке концертімде жаңа әндер шырқалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтетін жеке концертіне дайындық барысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 наурыз күні Мәскеудегі Кремль сарайында менің Ресейдегі ең алғашқы жеке ән кешім өткелі жатыр. Ол концерттің бұрынғы кештерден өзгеше тұстары көп. Өйткені, мен концерттік бағдарламаны жасаған кезде әр қалаға, әр елге байланысты кішкене өзгерістер енгіземін. Сол себепті, Ресейде өтетін концертімде репетуарыма жаңадан еніп жатқан әндер міндетті түрде орындалады», - деді Димаш Құдайберген ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
null

Еске сала кетсек, бұған дейін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Димаш Құдайберген Жастар жылы аясында Астанада концерт беретінін айтқан еді.

«Біз сіздермен үлкен маңызды жаңалықты бөліскіміз келеді. Біз өз тарапымыздан талантты жастарды қолдауға дайынбыз. Оның үстіне өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Димаш - еліміздің, халқымыздың біртуар азаматы, қазақтың өнері арқылы еліміздің атын бүкіл әлемге танытып жүрген талантты тұлға. Бұның алдында Димаш Ұлттық арнадағы жаңа жылдық шоуға қатысқан болатын. Ал бүгінгі айтылып жатқан жоба бойынша біз Димашпен бірнеше рет кездесіп, ақылдасқан болатынбыз», - деген еді «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин.
null

Соңғы жаңалықтар