Димаш Құдайберген Мәскеуде өткен «Жыл әнінде» өнер көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде өткен «Жыл әні» фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші өзінің инстаграм парақшасында әнші жыл сайын өтетін фестивальдің ақтық кезеңінен видеоүзінді жария етті. Видеоүзіндінің астына әнші «Жыл әні. Олимпийский. Ресей. Мәскеу» деген жазба қалдырды.

Димаштың Мәскеудегі өнерінің видеоүзінділерін  Ютуб арналардан көруге болады. Әуесқой камерамен түсірілген видеодан Димаштың композитор Игорь Крутоймен сүйемелдеуімен «Любовь уставших лебедей» әнін орындағанын көруге болады.

Еске сала кетсек, осыдан аз уақыт бұрын Лондон төрінде Димаштың концерті дүркіреп өткен болатын. Мәдени шараны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған.

«Indigo at the O2» залы сол күні көрермендерге лық толды. Қазақстан, Чехия, Бельгия, Ұлыбритания, Қытай, Канада, Германия, Ресей, Финляндия, Чехия секілді әлемнің 45 елінен келген әншінің жанкүйерлері концерт басталмай тұрып-ақ «Димаш» деп дауыстап, шоудың басталуын асыға күтті. Екі сағатқа созылған концерт көпшілік күткеннен артық деңгейде өткені анық. Әнші сахнадағы әрбір нөмірінде әртүрлі киіммен шығып, тек жанды дауыста ән шырқады.

 

Соңғы жаңалықтар