Димаш Құдайберген Мәскеуде қатарынан екі күн концерт береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайбергеннің 22 наурызда Мәскеудегі Кремль мемлекеттік сарайында өтетін жеке концертіне билеттің бәрі сатылып кетті. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 наурызға арналған билеттердің бәрі сатылып кетті. 23 наурызда екінші концерт өтетінін жариялаймын. Билеттер қазір сатылымда. Кремльде кездескенше! Ресей. Мәскеу», - деді Димаш.

Еске сала кетсек, осындан бірнеше күн бұрын Астанада тілшілермен кездескен Димаш Құдайберген Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтетін жеке концертіне дайындық барысы жайлы айтып берген болатын. Әнші Мәскеу төрінде жаңа әндер шырқалатынын тілге тиек еткен еді.

«22 наурыз күні Мәскеудегі Кремль сарайында менің Ресейдегі ең алғашқы жеке ән кешім өткелі жатыр. Ол концерттің бұрынғы кештерден өзгеше тұстары көп. Өйткені, мен концерттік бағдарламаны жасаған кезде әр қалаға, әр елге байланысты кішкене өзгерістер енгіземін. Сол себепті, Ресейде өтетін концертімде репетуарыма жаңадан еніп жатқан әндер міндетті түрде орындалады», - деді Димаш Құдайберген ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар