Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін өткізеді
15:56, 18 Қазан 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы Axiata Arena Bukit Jalil аренасында тұңғыш рет STRANGER атты жеке концертін береді!», - делінген dimash.news парақшасында.
Концерттің өтетін күні: биылғы 19 қараша, басталуы – 20:30.
Билеттерді сату Ticket2U сайтында 21 қазан күні сағат 11:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash радиостанциясы Антарктидада хабар тарата бастағанын жазған едік.