Димаш Құдайберген қытайлықтарға «Дударай» әнін орындап берді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Юаньсяо» шамдар фестивалінің алдында қытайлық журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Димаш Құдайберген қазақтың халық әні «Дударайды» орындап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.
«Мен міндетті түрде концерт өткіземін. Ал қазір менің шабытым келіп тұр, ән айтып бергім келеді. Қазақтың халық әні «Дударай»,-деді ол журналистердің жеке концерт өткізіп, қазақ әндерін орындауға қатысты қойған сауалына жауап беріп тұрып.
«Сырттан келген кіші бауыр» деп атайды екен Димашты қытайда, ол «Дударай» әнін орындап, жиналғандарды «Юаньсяо» шамдар фестивальінің басталуымен құттықтады.
Айта кетейік, сенбі күні «Юаньсяо» фестивалінің басталуына орай Hunan.TV телеарнасы арқылы өткен мерекелік концертте Димаш «Ой жайлау» әнін орындаған болатын.
Концерттен соң Хунань телеарнасының эфиріне «Singer» байқауының 4-ші кезеңінің таспасы көрсетілді. Онда Димаш осы байқауда алғаш рет әнін қытай тілінде орындаған болатын және ол жүлделі 3-ші орынға ие болды.
«Singer» байқауының 5-ші кезеңі Хунань телеарнасынан 18 ақпан күні көрсетіледі. Алайда, қазірдің өзінде Димаштың «Uptown Funk» әнімен 5-ші орынды жеңіп алып ән байқауының келесі кезеңіне өткендігі белгілі болып отыр.
- Семейде Ахат Шәкәрімұлының шығармалар жинағы таныстырылды
- Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
- Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті қайтадан көрсетіледі
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
-
Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам