Димаш Құдайберген Қытайдың үздік әртісі атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың «Internet Bull Ears awards 2019» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Internet Bull Ears awards-2019. Қытай. Бейжің. Қытай жүлдесі үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі марапатын алу – үлкен ғанибет. Барлық жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларыма және қытайлық командама алғыс айтамын», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен бірге, Димаш Қытай телекөрермендері үшін жаңажылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысты.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанған болатын. Ал, Румынияда оның жанкүйерлері әншінің концертін ұйымдастырғысы келетіні айтылды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрек әнін шырқайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.

Соңғы жаңалықтар