Димаш Құдайберген Қытайдың Фучжоу қаласында өнер көрсетті

None
None
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Димаш Құдайберген D-Dynasty әлемдік турнесі кезінде Қытайдағы Фучжоу қаласында жеке концерт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Бұл туралы танымал әнші Инстаграмдағы парақшасында жазды. Әнші жанкүйерлеріне концерт берілген стадионның суретін көрсетті.

Сонымен қатар, концерт барысындағы бірнеше фотосын жариялады.

Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген бұған дейін Чанша қаласында өнер көрсеткен болатын.

Еске сала кетсек, Димаш алғашқы әлемдік турнесі аясында ҚХР-да жүр.Бұған дейін хабарланғандай, Жаңа жылды қазақстандық әнші Қытайда қарсы алды. 

Еске сала кетсек, TC Candler тәуелсіз сарапшылары 2017 жылдағы ең сымбатты да көрікті адамдардың жүздігінде жерлесіміз Димаш Құдайберген ең әдемі ер адамдар арасында 76-шы орында тұр. Оның үстіне Димаш Құдайберген Райан Гослин (91 орын), Леонардо ди Каприо (87 орын), Дуэйн Джонсон (82 орын), Брэд Питт (78 орын) сияқты атағы жер жарған Голливуд жұлдыздарынан алға шығып кетті. 

Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген «2017 Golden mango melody awards» шарасында «Жылдың үздік танымал əншісі»номинациясы бойынша марапатталды. 

Әнші жылдың басында Қытайдың «Singer 2017» ән додасында екінші орын жеңіп алып, Қытай және басқа да елдердегі танымалдылығы арта түсті. 

Соңғы жаңалықтар