Димаш Құдайберген Қытайдың ең танымал музыкалық жобасында өнер көрсетті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV телеарнасының «PhantaCity» жаңа музыкалық телешоуында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Музкалық жоба 14 қыркүйек 18:00-де Hunan TV телеарнасынан көрсетілді. Қазақстандық әнші «Restart My Love» және «If I Never Breathe Again» әнін шырқады.

Айта кетейік, «PhantaCity» - бұл 12 кезеңнен тұратын музыкалық телешоу. Жобаның әр кезеңінде 4 әнші және кино актері орындаушы ретінде шақырылып, 32 күн дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Өнерпаздар 4 түсірілім тобымен бірге 8 минуттық қысқа музыкалық бейнебаян жасайды. Түсірілім барысы көрермендерге тікелей экраннан көрсетіліп, ән жанды дауыста орындалады. Әнші әнді орындаумен қатар, сценарий бойынша актерлік шеберлігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, әр орындаушы үшін тек бір рет қана өнер көрсету мүмкіндігі берілген.

Димаш бейнебаяндағы сценарий бойынша сүйген жарын өлімнен арашалау үшін, Крионика технология арқасында 2048 жылға барып, махаббатымен қосылады.

Соңғы жаңалықтар