Димаш Құдайберген Қытайдағы «Үздік әртіс» атағын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Global golden chart awards салтанатты кешінде қазақ әншісі Димаш Құдайберген  «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабаралайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Global golden chart awards марапаттау салтанатында мен «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атандым. Белгілі себептерге байланысты бүгін сіздердің алдарыңызда өз өнерімді көрсете алмадым. Алдағы уақытта барлықтарыңызды жаңа әндеріммен қуантатын боламын. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет! Dears! Сіздерді жақсы көремін!»,-деді қазақстандық әнші өзінің Инстаграмдағы жазбасында.

Марапаттау рәсімі 27 қаңтарда Бейжіңдегі «Жұмысшылар» стадионында өткен. Музыкалық шараны Қытай, Сингапур, Малайзия және АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының ақпараттық агенттіктері бірлесіп жыл сайын ұйымдастырады. 

Айта кетерлігі, Димаштың жанкүйерлері YouTube желісінде қалдырған пікірлерінде әнші өзін жоғары деңгейде ұстағанын айтады, және оған өзінің ғажайып дауысын сақтау жөнінде кеңестер берілген.

Соңғы жаңалықтар