+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды

2017 жылғы 9 ақпан 00:19
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауының төртінші кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.

«Бірінші орынды «Сяо Цзиньтэн Шицзы» («Lion») тобы, екінші орынды - Линь Илянь, үшінші - Димаш, төртінші - Ду Лиша, бесінші - Чжан Цзе, алтыншы - Тань Цзин (үшінші кезеңде бірінші орын алған болатын) және жетінші орынды Чжао Лэй иеленді», - деп хабарлайды қытайлық БАҚ.

«Weibo» әлеуметтік желісіндегі Димаштың жұмыс тобының парақшасында байқаудың 4-кезеңіндегі суреттер жарияланды. Онда әртістің стилисі BG Fashion, визажисі әрі шаштаразы DO Fashion екендігі жазылған.

Әншінің киімі - Gucci 17SS, мойынорағышы - Paul Smith 17SS, шляпасы - Albertus Swanepoel, аяқ киімі - Gucci 17SS, жүзігі - H&M, білезігі Жапониядан.
Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды

Еске салайық, бұған дейін «Синьхуа» агенттігі Димаш Құдайберген аталмыш байқаудың 4-кезеңінде қытай тіліндегі әнді акцентсіз айтып бергенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Димаш еуропалық үлгідегі пиджак пен жібек мойынорағышында тартымды көрінгені жазылған еді. Оның бойына көз тартарлық келбетті қара түсті бас киімі келтіріп тұрды.

«I am a singer» байқауының төртінші кезеңі 2 ақпан күні жазылған еді. Ол телеарналардан 11 ақпан күні Астана уақытымен сағат 20:30-да көрсетіледі. Димаштың бұл кезең үшін таңдаған «Күзгі мұң» әнін 2013 жылы «I am a singer» байқауында қытайлық әнші Ша Баолян орындаған болатын.

Кеше қазақстандық жас талант иесінің анасы Светлана Айтбаева оның аталмыш байқау барысында қазақ тілінде де ән айтатынын жеткізген болатын.

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды
Айта кетейік, Қытай телеарнасындағы ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз оның екі кезеңінде - бірінші, үшіншісінде 3-орын алған болатын. Оның қытайлық әлеуметтік желідегі жазушылар саны миллионнан асты, оған ақындар өлең-жырлар арнап, қыздар қазақша үйреніп, хаттар жазуда. Жанкүйерлер өз парақшаларын Димаштың суреттеріне толтыруда. Тіпті, Қытай дүкендерінде отандасымыздың келбеті бейнеленген бұйымдар, тұрмыстық заттар сатыла бастады.

Димаштың өнеріне тәнті болған әлемге танымал әнші Лара Фабиан онымен кездескісі келетінін айтты. Ал күні кеше ғана белгілі актер, кинорежиссер Джеки Чан Д.Құдайбергеновті кездесуге шақырып, арқа-жарқа әңгімелескен болатын.

Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті. Кеше ЖОО-ның ректоры Айман Мұсақожаева жас талант алдағы уақытта «Евровидениеге», одан кейін «Америка дауысына» қатысатындығын айтты.

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды
Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды
Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың төртінші кезеңінде 3-орын алды

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT