+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты әлемдік турнесін кейінге қалдырды

2020 жылғы 15 наурыз 22:20
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты әлемдік турнесін кейінге қалдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты әлемдік турнесін кейінге шегерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пульмонолог дәрігер: Коронавируспен ауырғандар сақтық шараларын ұмытпауы керек Түркістандық өнерпаздар «Melotime» республикалық байқауында жүлдегер атанды Коронавирустан емделіп жатқан 199 адамның жағдайы нашар

«Құрметті достар! Димаш Құдайбергеннің «Arnau Tour» әлемдік турнесі аясындағы концерттері кейінге шегерілді. Коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына байланысты Димаштың Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт пен Минсктегі концерттері басқа уақытқа шегеріледі. Жаңа мерзім бойынша біраз уақыттан соң хабар береміз. Оның бәрін қарсы алатын тарап пен ұйымдастырушылармен ақылдасу керек», - деп жазды әншінің әкесі Қанат Айтбаев Instagram парақшасында.

Әншінің әкесі сонымен қатар көрерменнің Димаштың өнеріне деген шексіз ықыласына алғысын білдірді.

«Әйтсе де қазіргі күрделі жағдайда әрбіріміз өз денсаулығымызға қарап, қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз керек. Көп уақыт өтпей концерттік алаңда кездесерміз деген үміттеміз. Қолдауларыңыз бен махабаттарыңыз үшін мың да бір рахмет! Өз өздеріңізге сақ болыңыздар!» - деп жазды әншінің әкесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT