Димаш Құдайберген: ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге ән айтып бергім келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге арнап ән айтып бергісі келетін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әнші Қытайдың  CCTV орталық телеарнасына берген сұхбатында мәлім еткен.

 «Әлем халқының үштен бірі Қытайда тұрады. Осы елдегі жанкүйерлерімнің маған деген сезімі бүкіл қазақ халқына деген, қазақ бауырларымызға деген құрметі деп білеміз. Осындай үлкен мемлекетте ән салып, өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт. Төраға Си Цзиньпиннің елімізге сапары барсында, өзімнің репертуарымдағы ең жақсы деп санайтын әнімді орындап бергім келеді. Және де орайы келіп жатса менің жолымды ашқан «Әнші» жобасына қатыстырып, осындай мүмкіндік туғызып отырған Қазақстан мен Қытай елінің арасындағы достық қарым-қатынастың сақталып келе жатқаны үшін рахметімді әнмен жеткізген болар едім. Екі елдің достығын ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған мәдени мұрасын бір-бірімізге көрсету арқылы нығайта түсеміз деп ойлаймын», - дейді Димаш Құдайберген аталмыш телеарнаға берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар