Димаш Құдайберген келесі кезеңде өз әнін орындайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген оныншы кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күн» әнін орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Димаш байқаудың тоғыз кезеңін артта қалдырып, барлығынан сүрінбей өтті. Оныншы кезеңнен кейін жарыс жолынан шығып қалған әншілерге жұбату бәсекесі болады. Финал екі кезеңге бөлініп, соңғы финал тікелей эфирден көрсетіледі.

null  

Ал Димаштың Sina weibo әлеуметтік желісіне тіркелген жанкүйерлер саны 3 миллионнан асты.

Еске сала кетейік, Димаш тоғызыншы кезеңде «All by Myself» әнін шырқап, екінші орыннан көрінді. Бұл кезең Хунан телеарнасынан 18 наурыз күні көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар