+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген Қазпоштаның келбеті атанды

2017 жылғы 10 қазан 14:14
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген Қазпоштаның келбеті атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық пошта операторы қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазпоштаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Әлем халықтарын өз шығармашылығымен ұйыта білген Димаш біздің компаниямыздың басты идеясын бейнелейді - түрлі елдер мен қалалардың халқын біріктіреді. Компания қашанда инновацияларға, технологиялар мен жоғары сапалы сервистерге ұмтылады. Қазпошта қазақстандықтардың қысқа уақыт ішінде барынша сапалы қызметтерді пайдалануы үшін жұмыс істейді. Мен біздің Димашпен ынтымақтастығымыздың табысты да қызықты болатынына сенемін, - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Димаш Құдайберген - Витебск қаласында өткен «Славян базары-2015» байқауының Гран-при, MTV Music Awards премияларының иегері, номинациялары: «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық деңдейдегі ең танымал әнші», «Жылдың ең үздік әншісі» және «Ең танымал шетел әншісі». Димаш Қытайда өткен Singer-2017 байқауының финалында екінші орын алу арқылы әлемдік деңгейдегі танымалдыққа ие болды.

«Соңғы кездері мен Қазпоштаның қызметтерін жиі пайдаланамын, әлемнің түкпір-түкпірінен өз жанкүйерлерімнен хаттар мен сыйлықтар алып тұрамын. Мен еліміздің поштасының қызмет көрсету деңгейі мен даму қарқынына шын пейіліммен қайран қаламын. Әрине, Қазпошта әлеуметтік компания, ол қазақстандықтардың, тіпті ең шалғай ауылдарда пошталық және қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді, осылайша еліміздің барлық өңірлерін біріктіреді. Оның әлеуметтік рөлі және сонымен бірге заманауилығы мен технологиялылығы маған ұнайды. Мен Қазпоштаның одан әрі көркейіп, гүлдене беруін тілеймін», - деді Димаш Құдайберген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT