Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлына дауыс беруге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Junior Eurovision байқауында дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Барша қазақстандықтарды еліміздің атынан қатысып жатқан жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз. Сенің дауысың – біздің ортақ жеңісіміз!» деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол сондай-ақ қалай дауыс беру керектігі жайында нұсқаулық жариялады.

Junior Eurovision 2021: Қалай дауыс береміз?

- Junioreurovision.tv сайтына кіріңіз

- Барлық қатысушылардың қысқаша бейнеролигін қараңыз

- Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлын және тағы екі елдің қатысушысын таңдаңыз.

Дауыс беру 17 желтоқсанда басталған.

Айта кетейік, биыл Париждің төрінде өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайды.

Олар халықаралық байқауда 10 номерімен өнер көрсетеді.

Онлайн дауыс беру 19 желтоқсан сағат 21.00-де ашылатын ауқымды финалдық концерт басталғанша жалғасады.

Содан кейін барлық қатысушылардың жанды дауыстағы қойылымынан кейін қайтадан тек 15 минут ішінде дауыс беруге болады.

Көрермендердің дауыс беру нәтижесі қазылар алқасының бағалауымен бірге қорытындыланады – осылайша жеңімпаз анықталады.

Биылғы қатысушылар Париждегі La Seine Musicale залының сахнасында өнер көрсетеді.

Ән байқауының трансляциясын сағат 21:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.


Соңғы жаңалықтар