Димаш Құдайберген қарттар үйіндегі қариялардың батасын алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген бүгін кешкілік Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген өз туған күнін Ақтөбеде өткізді. Әнші бүгін 25 жасқа толды. Оның Ақтөбеге келгенін алдымен әжесі әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Ал кешкілік әнші қарттар мен мүгедектер үйіне барған. Жанында бауырлары мен фанаттары да бар.

«Бүгін анасы Света Айтбаева телефон шалып, Димаштың қалаға бірер күнге келгенін айтты. Әнші мектепте оқып жүрген кезде қарттар үйіне келіп, ән салған екен. «Ақтөбеге келсем қарттар үйіне барып, қариялардан бата аламын» деп айтқан ол. Кешкі сағат 18:00-ге таман келіп, туған күнінде бір мал садақа берді», - деді қарттар үйі директорының орынбасары Сән Нұрышева.
null

Әнші қарттар үйіндегі әр адаммен қол алысты, жеке амандасып, суретке түскен. Кейін денсаулығы сыр беріп тұрса да ән айтты.

«Әнші «ауырып жүрсем де ән айтып берейін» деп бірер ән шырқады. Әрі анасымен бірге оқыған Алпысбай Нарымбаев біздің орталықта тұратын еді. Бәрі мектеп кезіндегі естеліктерімін бөлісті. Бұған дейін де әншінің анасы Света Айтбаева келіп, жеке концертін беретін. Сондай бір күні қарттар үйінің тұрғыны Базар Орынғалиева Димашты ертіп келуін сұраған болатын. Сәті бүгін түсті. Ол тағы да келетінін, бата алатынын, алыста жүргенде бәрі де демеу болатынын айтты», - деді Сән Нұрышева.
null

nullnull

Соңғы жаңалықтар