Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті
Суреттерді Димаштың Инстаграмдағы парақшасына жүктеді. Суреттегі жазбада әнші образдарын дайындаған жандарға алғыс айтқан.
Ал zhongxindeying аккаунтында осы сәттің қысқаша видеосы жарияланды.
Prince Di was coming to us.❤️#dimash#dimashkudaibergen #thesingerdimash #singer #DQ #dears#Cannes#cannes2018 #festivaldecannes cr.CC的jam奶酥
Бұған дейін «Канндағы қазақ кеші» атты ресми қабылдауда әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрімен бірге өнер көрсететіні жөнінде хабарлаған болатынбыз.
Айта кетерлігі, биыл Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» кинокартинасы, Синефондасьон бағдарламасында Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі қатысады. ACID бағдарламасы бойынша режиссер Ольга Коротьконың «Жайлы қыс», «Short Film Corner» бағдарламасы бойынша Венера Каиржанованың «Жасырынбақ», Берік Жахановтың «Асам» қысқаметражды кинокартинасы көрсетіледі.