+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген: қандай орын алсам да өзімді жеңімпаз санаймын

2017 жылғы 14 сәуір 20:43
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген: қандай орын алсам да өзімді  жеңімпаз санаймын

АСТАНА.ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген BGTalent (黑金经纪) продюсерлік компаниясының негізін қалаушы Шаң Венжемен бірге Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының финалына арналған шараның қызыл кілемінен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы тақтаға қолтаңбасын қалдырғаннан кейін, жүргізушінің финалға дайындығы туралы сұрағанда, «Ассалаумағалейкүм! Баршаларыңызға үлкен рахмет. Осы орайда сіздерге тек алғыс білдіре отырып, сахналық әріптесім өзін мойындата білген әнші екенін жеткізгім келеді. Менімен сахнаны бөлісіп, қолдап, қолұшын бергендеріңіз үшін үлкен рахмет айтқым келеді», - деді Димаш.

NTES News тілшісінің «байқаудан қандай орын алуды қалайсың» деген сұрағына: «Менің ойымша, қандай да нәтиже болмасын, мен қазірдің өзінде жеңімпазбын. Өйткені мені қолдап, әрқашанда демеп жүретін сіздер барсыздар. Сіздер барда мен әрқашан жеңімпазбын», - деп жауап берді Димаш.

Шаң Венже тілшілерге өзінің осы сахнада қаншама өнер көрсетсе де тап қазіргі сәтте қобалжып тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, ақтық бәсекеде жақсы нәтиже алатынына сенімді екенін айтты.

Еске сала кетейік, «Singer 2017» байқауының ақтық бәсекесін 15 сәуір күні Астана уақытымен 20:00 (жергілікті уақыт 22:00) де тікелей эфирде көрсетеді. Шешуші бәсекеде Димаш Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «Earth song» және «Dangerous» әндерін шырқайды.

Димаш Құдайберген: қандай орын алсам да өзімді жеңімпаз санаймынДимаш Құдайберген: қандай орын алсам да өзімді жеңімпаз санаймын
Димаш Құдайберген: қандай орын алсам да өзімді жеңімпаз санаймын

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT