Димаш Құдайберген итальян тілінде жаңа ән орындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочиде өткен «Жаңа толқын - 2019» ән байқауында итальян тілінде жаңа ән орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Passion» (Құмарлық) туындысының әуенін Игорь Крутой, мәтінін – Лилия Виноградова жазған.

Толық видеоны әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Татарстан астанасында өткен «WorldSkills Kazan 2019» шарасында өнер көрсетіп, Татарстан президентімен кездескен еді.

Сонымен бірге, әнші Қазан қаласындағы хосписке арнайы барып, кішкентай жанкүйерімен кездесті.



Соңғы жаңалықтар