Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген Испаниядағы клипінің түсірілімінен фотосуреттер жариялады

2019 жылғы 14 ақпан 10:31 470
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген Испаниядағы клипінің түсірілімінен фотосуреттер жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Испаниядағы видеоклипінің түсірілімінен алынған фотосуреттерін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығында концерт береді Димаштың бразилиялық жанкүйері өз қолымен тоқыған жемпірді жолдап жіберген

Әнші суреттерін Instagram парақшасында жариялады.

«Қадірлі достар! «Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері - Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді.   Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды ол.

 
Димаш Құдайберген Испаниядағы клипінің түсірілімінен фотосуреттер жариялады Бұған дейін Димаш Құдайберген кезекті клипін түсіру үшін Испанияға аттанғанын хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін оның авторы, Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «НТВ» телеарнасының «Центральное телевидение» бағдарламасында шырқаған болатын.
Димаш Құдайберген Испаниядағы клипінің түсірілімінен фотосуреттер жариялады

Кейіннен  Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой видеоклип түсіруді ойластырып жүргені белгілі болды.

«Әрине, әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс жасау өте маңызды. Осы орайда, менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі уақытта біз Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыдағы біліктілігі, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме айтуға болады. Өйткені, ол Паворотти, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский секілді әлемдік композиторлармен жұмыс істеген білікті өнер иесі. Қазіргі таңда Крутойдың шығарған бірнеше туындылары менің репертуарыма еніп отыр», - деген болатын. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT