+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті

2019 жылғы 18 тамыз 12:32
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген режиссер Алан Бадоевпен Исландияда қалай клип түсіріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты Димаш Құдайберген Тәуелсіздік күніне арналған концертте ән шырқады Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

«Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұралық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Қазақ әншісінің сарқырама жанында ән айтып тұрған сәті бейнеленген видеодан туристердің де оны телефондарына жапатармағай түсіріп жатқанын байқауға болады.

Айта кетерлігі, Димаштың жариялаған видеосына ресейлік композитор Игорь Крутой пікір қалдырған.

«Жарайсың Димаш, жарайсың Алан!», - деп жазды композитор.

Алан Бадоев украиналық кинорежиссер, клипмейкер әрі продюссер. Шетелдік әртістермен жиі жұмыс істейді. Бұған дейін Димаш Құдайберген таяу арада «Know» әніне клип түсіретіндігін жария еткен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT